ещё
свернуть
Все статьи номера
№12 , 2016
Окиғалар

Медициналық сақтандыруды енгізу мерзімдерін ауыстыру туралы заң жобасы мақұлданды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында хабарланғандай, ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары ҚР-ның «ҚР кейбір заң актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылуында мақұлдады.

Заң жобасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (бұдан әрі – Қор) аударымдар мен жарналарды төлеуді бастау мерзімдерін өзгерту мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі барлық процестерінің қызмет ете бастау мерзімдерін 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру көзделген.

Осылайша, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіптік медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипатындағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың Қорға аударымдар мен жарналар төлеуді бастау мерзімін 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне ауыстыру жоспарлануда.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төлемдер жасау 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіле бастайды. ҚР-ның «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 5, 6 және 7 баптарымен көзделген жеке тұлғалардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу мен денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқықтары да 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырыла бастайтын болады.

Бұған қоса, заң жобасымен ҚР-ның «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген – орта білім беру ұйымдарында оқушыларға медициналық қызметтер көрсету функциясы білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне, яғни емханаларға берілетін болады.

Президенттің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген ҚР-нда денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау жүйесінде мектеп медицинасын әрі қарай дамыту да көзделген.

Дереккөз: med.mcfr.kz