ещё
свернуть
Все статьи номера
№11, 2018
Ұйымдастыру және басқару

Медициналық ұйымда симуляциялық орталықты қалай құрады

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үрдісі жүріп жатыр. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай құрамдас бөліктер маңызды:

  • Медперсоналдың жоғары даярлық деңгейі.
  • Пациенттермен қарым-қатынас жасағанда деонтология қағидаларын қолдану.
  • Рәсімдерді орындау қағидалары мен тәртібін сақтау.

Дәрігердің кәсібі, орта меджұмыскердің кәсібі сияқты үздіксіз кәсіптік білім алуды білдіреді. Тек осылай ғана олардың кәсіби қызметінің тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.

Қаперіңізде болсын

Теориялық білімді практикалық дағдылармен үйлестіріп меңгеру, өз әрекеттерінің дұрыстығын негіздей білу – маманның жоғары біліктілігінің көрсеткіші.

Кез келген меджұмыскердің міндеті – қажетті медициналық көмекті жылдам және дұрыс көрсете білу. Медкөмек көрсетудегі практикалық тәжірибе деңгейінің жеткіліксіз болуы жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Медициналық қол әрекеттерін көрсету алгоритмдерін пысықтау үшін симуляциялық орталықтар ашылады. Әрине оларда білім алу міндетті болып табылмайды және отандық денсаулық сақтау саласының өзекті проблемаларын шешіп бермейді, алайда оны белгілі бір мақсаттарға жету жолында айтарлықтай әрекет ететін тиімді құрал ретінде де мойындауға болады. Бұл, әсіресе, пысықталған әрекеттер алгоритмі аса маңызды саналатын және шақыру кезінде тағылымгерлердің оқу мүмкіндігі бола бермейтін медициналық жедел жәрдем мамандарына қатысты.

Маңызды
Симуляциялық тренинг меджұмыскерлерге медициналық қол әрекеттерінің практикалық дағдыларын пациенттер үшін қауіпсіз болатындай, қайталау санын шектемей пысықтауға көмектесуге шақырады.

Осындай тренингтер өткізудің басты артық- шылықтарының бірі – алғашқы өз бетінше әрекет ету кезіндегі күйзеліс деңгейін түсіру, сондай-ақ сирек кездесетін патологиялар кезінде қол әрекеттерін пысықтау.

Ұйымда симуляциялық орталық құру алгоритмінің адымдық үлгісін, сондай-ақ симуляциялық жабдықтың барлық түрлері мен оның көмегімен үйрену нұсқаларын ұсынамыз.

Қандай медициналық ұйымдарға симуляциялық орталық керек

1. Симуляциялық орталықтарды және/немесе сыныптарды мемлекеттік, сондай-ақ жеке медициналық орталықтарда да ашуға болады.

Симуляциялық орталықтарды, әдетте, перинаталдық орталықтар, көпбейінді клиникалар сияқты ірі бюджеттік медұйымдарда ашады. Көп жағдайларда оларды мемлекет қаржыландырады.

Егер сіздің ұйымыңызда медициналық көмек көрсетудің үш және одан да көп бейіні, төсек мөлшері көп, персонал штатында 1000 және одан да көп адам болса симуляциялық орталық қажет. Егер медұйым шағын болса, симуляциялық сынып жабдықтаған жөн.

Назар аударыңыз
Егер сіздің медұйымыңыз тек қана емдеу-диагностикалық қызметтермен айналысса және медициналық бұйымдарға бюджет тапшылығы болса, онда симуляциялықты немесе сыныпты ашудың еш мәні жоқ.

Қызметкерлерді республикалық симуляциялық орта- лықтарға/аймақтық клиникалық орталықтарға жі- берген тиімдірек болады.

Қаперіңізде болсын

Симуляциялық білім алу, әдетте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілігінде болады.

Симуляциялық орталықтың негізгі артықшылықтары

Симуляциялық орталықтарда медұйымның мамандары, тиісті науқас келген кезде немесе оқытушының уақыты болған кезде ғана емес, кез келген қолайлы уақытта жаттыға алады. Оқытушы қызметтерінің бір бөлігін виртуалды жаттығу құрылғысы атқарады.

Маңызды
Симулятордың көмегімен үйрену қиын қол әрекеттерін артық күйзеліссіз пысықтауға, патологиялық жағдайлар мен медициналық араласулар сценариін орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сирек кездесетін және өмірге қауіп төндіретін патологиялар кезіндегі әрекеттерді де пысықтауға болады.

Дәрігерлер пациентке қауіп төндірмей клиникалық тәжірибе жинақтай алады. Сонымен қатар дағдыларды қажеттілігіне қарай көп рет пысықтауға және әрбір маманның шеберлік деңгейін объективті пысықтауға болады.

Симуляциялық оқытудың кең таралған модельдері

Дәрігерлерге арналған базалық деңгейдегі симуляция- лық сынып – әдетте мұндай сыныптарды институттардағы бейінді кафедраларда, бұдан әрі – аттестациядан және/немесе аккредиттеуден өткенде немесе жұмыс ауысымын тапсырғанда ұйымдастырады.

Өз персоналы үшін мейірбикелер мен бейін бойынша дәрігерлерге сыныптары бар симуляциялық орталықтар.

Өз персоналына және басқа мекемелермен тәжірибе алмасуға арналған симуляциялық орталық. Мысалы, медициналық көмек көрсетудің үш дәрежелі жүйесі болған кезде үшінші дәрежелі перинаталдық орталықтарда оқу ұйымдастыруға және технологияларды бірінші және екінші дәрежелі мекемелерге таратуға болады.

Симуляциялық ота жасау бөлмесі – қиын хирургиялық араласуларды модельдеуге және ота жасау бригадасының ұйымдасқан командалық дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.

Қаперіңізде болсын

Сіздің медұйымға симуляциялық орталықтың нақты қай түрі қажет екендігі пациенттер контингентіне, жасалатын шұғыл араласулардың дәрежесі мен технологиялығына байланысты болады.

Симуляциялық орталық ашу алгоритмі

1. Орталық орналасатын ең оңтайлы аумақты, оны енгізу және дамыту жұмыстарымен айналысатын адамдарды айқындаңыз. Әдетте бұл үшін баламалы орталықтарды жобалаумен айналысатын мамандандырылған компаниялар шақырылады.

Маңызды
Нақты лауазымдық тұлғаға, мысалы, ұйым басшысының орынбасарына жауапкершілік жүктейтін бұйрық шығарыңыз.

Бұл, әсіресе, егер симуляциялық орталық мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған кезде маңызды.

Медұйымның жауапты қызметкері компанияның мамандарымен өзара әрекеттеседі және орталықтың жұмысын үйлестіреді, ал ары қарай осы бағытты басқара алады және оған жауапты болады.

2. Емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің себептерін анықтау үшін ішкі аудит жүргізіңіз. Қандай жабдық сатып алу қажет екенін айқындаңыз.

Бұл үшін мыналардыалдын ала ойластырыңыз:

  • сіз орталықта персоналды қандай бағыт бойынша оқытасыз;
  • әрбір қызметкерді қанша уақыт және қаншалықты жиі оқытуды жоспарлап отырсыз;
  • оқыту түрі (тұрақты немесе кезеңдік);
  • оқыту мүмкіндігі (жеке немесе топтық).

Сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру түрлерін ойластырыңыз.

3. Симуляциялық орталықтың штаттық кестесін жасаңыз. Оның үлгісі кестеде берілген.

Симуляциялық орталықтың штаттық кестесі
Лауазым атауыМөлшерлеме саныМіндеттері
Басшы (директор, меңгеруші)1 мөлшерлемеОрталықты басқарады, даму стратегиясын айқындайды
Басшының орынбасары (бас маман, сарапшы, әдіскер, курс меңгерушісі)Бағыт және ол бойынша іске асырылатын стандартты имитациялық модульдердің (СИМ) санына байланыстыОрталықты басқаруға, медициналық симуляциялық орталық жөніндегі мамандардың жұмысын ұйымдастыруға қатысады
Медициналық симуляциялық оқыту жөніндегі маман (нұсқаушы, оқу шебері, жаттығу құрылғыларының операторы)Операторды талап ететін симуляторға кем дегенде 1/4 мөлшерлеме, оған қоса жылына 500 СИМге 1 мөлшерлемеМанекендерді басқарады, жабдықпен жұмыс жасауды үйретеді, сабақ өтуге реактивтерді, дәрілік заттарды дайындайды, шығыс материалдарының есебін жүргізеді. Оқу бағдарламаларын сүйемелдейді, әзірлейді және қолдайды
Симуляциялық жабдық жөніндегі инженер (инженер-медтехник, IT-маман, бағдарламашы, жүйелік әкімші) Жабдықтардың 30 бірлігіне 1 мөлшерлеме немесе медициналық симуляциялық оқыту бойынша 3 маманға 1 мөлшерлемеМемлекеттік сатып алуларға қатысады, шаруашылық мәселелерін шешеді, жабдыққа инженерлік-техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Компьютерлік желілерге, орталықтың сайттарына әкімшілік жасайды
Әкімші (іс жүргізуші, зертханашы, маман) Кем дегенде 1 мөлшерлемеҚұжатайналымды қамтамасыз етеді, кесте жасайды, оқып жатқандардың электрондық деректер базасын жүргізеді, рецепцияда жұмыс жасайды, жабдықты жөндеуге және шығыс материалдарын сатып алуға өтінімдер қабылдайды
Бухгалтер (заңгер, маман) Кем дегенде 1 мөлшерлемеЕсептер жүргізеді, шарттар жасайды, сатып алуларды өткізеді
Кеңсе тазалаушы (киім қабылдаушы) Нормативтер (ДСМ бұйрығы) бойынша Үй-жайларды тазалайды, жылдың суық мезгілінде киім қабылдаушының міндеттерін атқарады

Нұсқаушының мөлшерлемесін 100 % жүктеме бойынша есептеңіз. Әрбір жұмыс күні тренер 2,5 стандартты имитациялық модуль (СИМ) өткізеді. Тренер айына 20 күн, жылына 10 ай жұмыс істейді. Педагогикалық жұмыскердің еңбек демалысы – екі ай.

СИМ – симуляциялық білім берудегі оқу процесінің бірлігі. Бұл меджұмыскерді практикалық даярлауға педагогикалық бақылауды қосқандағы жұмсалатын жұмыс уақытының үлесі.

4. Қаржыландыру көздерін – бюджеттік қаражат немесе бюджеттік еместігін айқындаңыз. Қағида бойынша, ДСМ кез келген симуляциялық орталықты қаржыландырмайды, тек нақты міндеттерді шешетіндерді ғана қаржыландырады. Мысалы, ведомство үшінші дәрежелі медкөмекті арттыру және ана мен бала өлімін азайту қажеттілігі туындағандықтан мемлекеттік перинаталдық орталықтарды қаржыландырды.

Медициналық білім беру мекемелері симуляциялық орталықтар ашуға мамандарды аккредиттеу үшін қаржыландырылады.

5. Симуляциялық және медициналық жабдық сатып алыңыздар.

Орталыққа жабдықты қалай таңдайды

Тренингтерінің шынайылық деңгейі бойынша ажыратылатын симуляциялық орталыққа арналған 7 деңгейлі жабдық болады.

Назар аударыңыз
Шынайылығы 1-4 деңгейлі жабдықтар құны бойынша орта статистикалық бюджеттік ауруханаға қолжетімді.

Әрбір деңгейдің бөліктері:

1. Визуалды деңгей − плакаттар, схемалар, экрандық суреттер, электрондық оқулықтар, білім беретін компьютерлік ойындар. Симуляциялық оқу құралдары оқушыға адамның сыртқы келбетін, ағзаларын, тінде- рін, белгілі бір қол әрекеттерін қалай орындады көрсетеді.

2. Тактильдік деңгей – жаттығу құрыл- ғылары, ағзалардың және объектінің тактильдік сипаттамасын жасайтын дене бөліктерінің фантомдары. Мысалы, эндотрахеалды интубацияға арналған бас, тері тігісін өңдеу, тамырішілік дәрі құю фантомдары.

Артық күш салғанда табиғи тіндер жауап ретінде қарсылық білдіреді. Оқушы оның мануальді дағдыларын пысықтайды. Міндеті – қол әрекетін автоматты күйге жеткізу.

3. Реактивтік деңгей – электрондық бақылаушылармен толықтырылған манекендер мен фантомдар. Үлгілік әрекеттерге фантом белсенді реакциялармен жауап береді. Мысалы, кеуде қаңқасын дұрыс тығыздаған кезде шам жанады.

4. Автоматталған деңгей – сыртқы әсерге жауап бере- тін манекендер, хирургиялық араласуларды пысықтауға арналған манипуляциялық бейне жаттығу құрылғылары. Негізінде бұл – скриптер негізіндегі компьютерлік бағдарламалар.

5. Аппараттық деңгей – шынайы медициналық техникамен толықтырылған пациенттердің симуляторлары. Медициналық бөлімше сияқты жабдықталады (ота жасау бөлмесі, таңу бөлмесі, қабылдау бөлімі, палаталар). Оқытудың міндеті – шынайы ортада әрекет етуді үйрету, белгілі бір медициналық жабдықта жұмыс жасауды автоматты жасауға жеткізу.

6. Интерактивтік деңгей – меджұмыскердің әрекетіне жауап ретінде ЭКГ, жүрек соғысы, жұтып жатқан қоспадан оттегі концентрациясы, тыныс алу дыбысы және басқа да көрсеткіштері өзгеретін пациенттердің симуляторлары. Симуляторлар «клиникалық сценарийлерді» пайдаланады, оның барысында дәрігерлер қиын практикалық әрекеттермен біріккендегі клиникалық ойлауды пысықтайды.

7. Интеграцияланған деңгей – виртуалдық симуляторлар мен медициналық аппаратураның бірыңғай оқыту кешені. Ота барысында виртуалды науқастың тек физиологиялық параметрлері өзгеріп қана қоймайды, сондай-ақ эндохирургиялық, рентгеноскопиялық, ангиографиялық және ультрадыбыстық бейнелері де өзгереді.

Мұндай кешендердің міндеті – мінез-құлықтағы қиын реакцияларды қалыптастыру, әсіресе шұғыл (шок, жүректің тоқтауы, науқастардың жаппай түсуі) жағдаяттарда медициналық бригаданың басқа да мүшелерімен топта жұмыс жасай білуді және өзге де техникалық емес дағдыларды сіңіру. Сондай-ақ симуляторлар оқиғаның немесе жағдаяттың, мысалы, ангиография жасаған кездегі радиациялық қауіпсіздік, шектеулі кеңістік, тікұшақтағы сілку мен діріл, ота жасау бөлмесін өрт шалу сияқты ерекшеліктерін ескереді.

Маңызды
Бұған қоса, тек симуляциялық жабдық қана оқытудың міндеттерін шеше алмайды.

Сондай-ақ санитарлық талаптарға сай келетін үй-жай бөлу, нәтижесінде жабдық пен оқыту сапасына жауап беретін персонал даярлау қажет.

Симуляциялық орталықтың жұмысын ұйымдастыру

Симуляциялық орталықтың мамандары әртүрлі қызметтер атқарады:

1. тренерлер медперсоналды оқытады;

2. техникалық мамандар оқыту тақырыбы бойынша жабдықтардың күйін келтіреді және дайындайды, ұсақ бұзылымдарды жөндейді.

3. әкімшілер процестерді ұйымдастырады, оқытуды жоспарлайды, құжаттарды ресімдейді және т. б.

Мысалы, әкімшілік топ медициналық тренинг өткізетін болып шешті. Олар кезеңін, оқыту ұзақтығы мен медперсоналдың қамтылуын келісімдейді, сондай-ақ қажеттілік жағдайында бұйрық дайындайды. Содан кейін әкімшілер тренинг туралы оқытушыларға, техникалық мамандарға хабарлайды, персоналды ақпараттандырады. Техникалық маман тренингтің деңгейіне қарай симуляциялық жабдықты тестілейді және симуляциялық жабдық пен аппаратты дайындайды. Тренер-мамандар сабаққа арналған материалдарды дайындайды.

Назар аударыңыз
Дұрыс ұйымдастырылған симуляциялық тренигтер меджұмыскерлердің кәсіби дағдыларының деңгейін медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға, нәтижесінде жалпы медұйымның абыройын көтеруге әкелетіндей сапалы түрде көтеруге қабілетті.

Медициналық қол әрекеттерін көп рет автоматты деңгейге дейін пысықтау шынайы өмірде медициналық көмек көрсеткен кезде сенімді және нақты әрекет етуге мүмкіндік береді.

Алайда симуляциялық орталықтардың барлық басым- дықтарын ескерсек те, практикалық қызметтің толық көлемін алмастыра алмайды. Оқытудың симуляциялық технологиялары мен өзінің клиникалық тәжірибе үлгілерін саналы үйлестіре білу болашақ дәрігерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру үшін маңызды.